RU

Альварес: Ұйықтар алдында Головкинді нокаутқа түсіріп жатқанымды армандаймын

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес күн сайын ұйықтар алдында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) нокаутқа түсіріп жатқан сәтін ойлайтынын айтты деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

"Мен күн сайын ұйықтар алдында Головкинді нокаутқа түсіріп жатқан сәтімді ойлаймын, - деп жазады BoxingScene Альварестің сөзін.

- Шынымен - күн сайын. Осы үшін мен көп дайындалдым. Әрине, мен міндетті түрде осы болады деп айталмаймын. Бірақ мен дайынмын"

Тағы оқыңыздар: Головкин Альвареспен жекпе-жекке ет жеп дайындалып жатыр

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619154-alvares-uyyqtar-aldynda-golovkindi.html