RU

Ерке мен Төреғалиді "жұлдыз қылған" сазгер үйлену тойында келіншегімен ән салды (видео)

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің хит әндерінің авторы, шалқарлық сазгер Құрал Молжанов шаңырақ көтерді деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Таныстарының айтуынша, Құралдың шылым мен тентек суға әуестігі жоқ. Дегенмен, шалқарлықтарға тән мінезі бар көрінеді.

Құрал Молжанов - «Алло», «Сәлеметсіз бе?», «Бол жанымда», тағы басқа көптеген хит әндердің авторы. Сонымен бірге, Еркін Нұржан орындап жүрген «Атақ» әнінің де авторы.

Тағы оқыңыздар: Альварес: Ұйықтар алдында Головкинді нокаутқа түсіріп жатқанымды армандаймын

Жас әнші-сазгер танымал ақын Қайнар Алагөзов, Аян Сейітовтермен құлын-тайдай тебісіп өскен. Төреғали де әкесінің жұмыстарымен Шалқарға жиі барып жүргенде осы жігіттермен дос болып кетіпті.

Ринат есімді досы желіге жүктеген видеода жас жұбайлар Құрал мен Әйгерім қосылып ән шырқайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619168-erke-men-toreghalidi-zhuldyz-qylghan-saz.html