RU

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 20 пайызға көбейді

Жыл басынан қыркүйек айына дейін елімізде орташа зейнетақы мөлшері 6051 теңге болған. Ал зейнеткерлердің саны 2 млн 104 200-ге жеткен. Осы уақыт аралығында зейнетақыны төлеуге кеткен қаржы 223,1 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақы төлемдеріне арналған шығындар – 798,5 млрд теңге болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бүгінде 669,6 мың адам мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақы алуда.

Оның 506,6 мыңы мүгедек жандар болса, 161,2 мың адам асыраушысынан айырылғандар. 1,8 мың адам жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік көмекпен қамтылған.

Ал, мүгедектерге берілетін әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 32 392 теңгені, асыраушысынан айырылғандарға берілетін көмектің құны 28 571 теңгені, сондай-ақ, жасына байланысты алатын әлеметтік жәрдемақы 12 719 теңгені көрсетті.

Тағы оқыңыздар: Альварес: Ұйықтар алдында Головкинді нокаутқа түсіріп жатқанымды армандаймын

Еске салсақ, 2017 жылғы 31 қаңтардағы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеп, оған Мемлекет басшысы қол қойған болатын.

Аталған құжат арқылы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап өткен жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшері 20%-ға артты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619189-elimizde-ortasha-zeynetaqy-molsheri-20-pa.html