RU

Әншілер "моншаға" теңеп жүрген Ақтөбедегі сарайда өнерпаздар үшін әжетхана болмаған

Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетіне қарасты Студенттер сарайында көп жылдардан бері эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп келеді. Өкінішке қарай, облыстағы ауқымды да маңызды шаралар өтетін өнер ордасында салқындатқыш болып көрмеген.

Ақ тер, көк тер болып отыратын көрерменді айтпағанда, оны сахна жұлдыздары да байқап, сахнаға орамалдарын ала шығатын.

Талай уақыт бойы көрерменнің де, өнер адамдарының да сынына құлақ аспаған Сарай басшылығы санаулы күн бұрын 4 кондиционер орнатыпты.

Сахнаның артында әртістер үшін тіпті әжетхана да болмаған. Талай өнерпазды «қинаған» Студенттер сарайы басшылығы оны да ескермеген сыңай танытып келген еді.

Тағы оқыңыздар: Альварес: Ұйықтар алдында Головкинді нокаутқа түсіріп жатқанымды армандаймын

«Ендігі уақытта әнші болсын, басқасы болсын, сахна артында қиналмайтын болды», — деп хабарлады университеттегі сенімді дереккөздер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619216-anshiler-monshagha-tenhep-zhurgen-aqtobed.html