RU

Қоғамдық орында спортпен айналысқан кейуана жұртты өзіне қаратты (видео)

Қоғамдық орында алаңсыз спортпен шұғылданған әжей бұл әрекетімен өзгелерге үлгі болды деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде тараған видеода кейуананың демалыс орындарына орнатылған спорттық тренажер құрылғыларымен еш қиналмастан жаттығу жасап тұрған сәтін байқауға болады.

Мұны көрген желідегілер ақ жаулықты ананың әрекетін жастарға үлгі деп санап, тіпті таңданыстарын жасырмады.

Тағы оқыңыздар: Әншілер "моншаға" теңеп жүрген Ақтөбедегі сарайда өнерпаздар үшін әжетхана болмаған

«Күш-қуат берсін. Осындай апаларымыз көп болса, балаларымыздың дені сау болады», «Спорт - жас талғамайды», «Денсаулыққа керек болған соң тұр ғой бұл кісі», «Кейде қарияларымызды олардың күйін кешпеген соң түсінбей жатамыз. Буындары, бәлкім аяғы ауыратын шығар. Сондықтан тұрған болар. Жаның ауырса, ұятты ұмытасың ғой. Мұндайға күлуге болмайды", - деп жазған желі қолданушылары спортпен шұғылданған әжейге ұзақ ғұмыр тілеп, пікірлерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619257-qoghamdyq-orynda-sportpen-aynalysqan.html