RU

Ақтау көшелерінде жарылғаш затпен жүріп, елді қорқытқан азамат ұсталды (фото)

Ақтауда қаланың қақ ортасында қолына граната ұстаған 46 жастағы азамат ұсталды. Ал тұрғындардың зәресін алып, ойын сан саққа жүгірткен полицейлердің өздері екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Олар түн жарымында көпшілік көп жүретін жерде жедел іс-шара өткізіпті. Сөйтіп, 46 жастағы тұрғынның қалтасынан жарылғыш зат тауып алып, айналаны дүрліктірген. Құдай сақтап, онысы тек оқу-жаттығуға арналған екен. Тәртіп сақшылары енді қауіпті болмаса да, оның қайдан алынғандығын анықтап жатыр. Айтуларынша, ұстау кезінде жұрт қорқатындай атыс-шабыс болмаған.

Тағы оқыңыздар: Көкшетауда өз-өзін пышақтап тастамақ болған 70 жастағы кейуана елді дүрліктірді

Ал, осыған дейін әлеуметтік желі арқылы тұрғындар орталық көшелердің бірінде 4 жігіттің бір-бірімен атысып, біреуінің өлгендігін жарыса жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619318-aqtau-koshelerinde-zharylghash-zatpen-zhu.html