RU

Демалыс күндеріне арналған ауа- райы болжамы қандай?

Еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері ауа-райы жылы және жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Қазақстанның барлық территориясында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алдағы екі тәулікте Қазақстанның басқа аудандарында да температураның жоғарылауы болжанады. Тек дүйсенбі күні қиыр солтүстік пен солтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады.

Тағы оқыңыздар: Еліміздегі ең ірі мұнай магнаттары кімдер? (фото)

Демалыс күндері Қазақстанда антициклон орнығады, онымен байланысты жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Республикамыздың батысында өткен тәулікте температура климаттық нормадан жоғары болды, күндізгі температура 27...32 градусқа дейін жоғарылады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619407-demalys-kunderi-elimizde-aua-rayy-zhyl.html