RU

"Шарындықтар" Шығыс Қазақстан облысы жəрмеңкесінде тағы да шу шығарды (фото)

Бүгін Астанада Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жəрмеңкесі өтуде. Өңірдің əр ауданы елордалықтарды ет-сүт, балық, бал өнімдерімен қуантуда. Десе де, облыс өкілдері жəрмеңкенің ұйымдастырылуы мен оған қаптап келіп алған жергілікті алыпсатарларға ашулы деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Шығыстықтардың айтуларынша,  мұндай жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ. Өңірдің əр жəрмеңкесінде құзырлы органдардың рұқсатынсыз  өз өнімдерін саудаға шығаратын жергілікті базар өкілдері əлгіндей "əрекетті" əдетке айналдырған.

"Біз сонау Шығыстан, 1500 шақырымды артта тастап, тонналап азық-түлік өнімдерін əкелдік. Бағалардың барлығы қол жетімді, жəрмеңкенің біздің өңірдікі екеніне қарамастан, осындағы саудагерлер келіп, өз өнімдерін сатады да жатады. Бірінші рет емес, үнемі осы. Жаңа ІІД өкілдерін де шақырып, жергілікті саудагерлер өнімдерін сатпасын, жəрмеңке өтіп жатқан аумақтан шығарылсын деген талап қойдық.

Тағы оқыңыздар: 30 жасында 8 баланың анасы атанған түркістандық өзі істейтін емханадағы бар шындықты жайып салды (фото)

Иə, бізде қызанақ пен қияр жоқ, өйткені өздеріңіз білесіздер, шығыста оның маусымы аяқталғалы қашан. Бірақ ол дегеніміз, жергілікті саудагерлер келіп, жəрмеңкеде өз өнімлерін сатсын деген сөз емес қой. Əкімдіктегілер қайда қарап отыр? Егер біздің өнімдер ұнамаса,  онда сонау жақтан ат терлетіп несіне келдік? Шаруаның да еңбегін бағалау керек. Жаз бойғы өсіп-өндірген өнімдерін əкеліп сатпақ болады, бірақ мындағылар сауда жүргізетін емес. Үнемі осы",-деп күйінді ШҚО əкімдігі қызмкеткерлері.

Сондай-ақ, олар мұндай жағдайдың орын алуына жергілікті əкімдік кінəлі екенін айтып, болашақта аталған олқылықтар жойылса екен деген пікірлерін алға тартты.  Аталған мəселеге қатысты ІІД өкілдерінен түсініктеме алғымыз келгенде, олар "біз тек тəртіпке жауап береміз, барлық сұрақты əкімдікке қойыңыздар",-деп мəлімдеді.

Ал, жергілікті əкімдік өкілдерін жəрмеңкеден іздегенімізде, олардың жəрмеңке басында ғана келгенін, кейін қайтып кеткенін білдік.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619431-sharyndyqtar-shyghys-qazaqstan-oblysy-zh.html