RU

Ашулы әйел күйеуінің көңілдесін жұрт көзінше шешіндіріп, шашын қиқалап тастады (видео)

Күйеуінің үйде көп уақыт болмайтынына күдіктенген 34 жастағы Дун Лянь енесі мен үш баласын ертіп, жұбайын аңдиды. Анықталғандай, ер адам көңілдесіне барады. Екеуін бірге көрген әйел ашуға булығып, күйеуінің көңілдесін жұрт көзінше шешіндіріп, шашын қиқалап тастады деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға Вьетнам Республикасының Виньфук провинциясында орын алған.

Жұрт көзінше масқара болған Нгиа полицейлерге өзін ұрған келіншекті жазаламауды сұрады. Дегенмен, тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр.Өзгенің күйеуімен көңіл қосқан әйелдің күйеуі мен екі баласы бар екені анықталды.

Тағы оқыңыздар: Жер бетіндегі ең кәрі кейуана қайтыс болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619453-ashuly-ayel-kuyeuininh-konhildesin-zhurt.html