Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында полиция лейтенанты командирін атып тастады

Опубликовано:

Алматы облысында полиция лейтенанты командирін атып тастады. Марқұм Достық станциясының желілік бөлім басшысының орынбасары болған деп жазады «Время» басылымы.

Төтенше жағдай Алакөл ауданындағы Бескөл станциясында орын алды. Майордың мәйітін мешіт маңынан тауып алды, ал лейтенант оқиға орнына із суытқан.

Тағы оқыңыздар: "Шарындықтар" Шығыс Қазақстан облысы жəрмеңкесінде тағы да шу шығарды (фото)

Басылымның жазуынша, Достық станциясы басшысының бірінші орынбасары майор Жеңіс Тоқсейітов өткен сейсенбі күні лейтенант Айдар Дүйсеновпен бірге қысқа мерзімді қызметтік командировкаға шыққан.

Олар аса ірі көлемдегі ұрлықты тергеген, қылмыс Бескөл станциясында болған.

Полиция қызметкерлері қарақшыны тезірек тұтқындауды қалап, күні-түні жұмыс істеген. Түнгі үштен кейін мешіт маңында болған. Дәл сол жерде опер мен бастығы арасында қақтығыс орын алады.

Оқиға куәгерлері хабарлағандай, түнгі сағат 3.15 шамасында лейтенант Дүйсенов қызыл кеңірдек болған даудың нүктесін қару арқылы қойған.

4.00 оқиға орнына келген патруль ЖБІІ басшысының орынбасары Тоқсейітовты денесіндегі зорлау белгілерімен тапқан.

Лейтенант әріптестерінің келгенін күтпей, оқиға орнынан белгісіз жерге жасырынып қалған деп жазады басылым.  Қазір оған іздестіру жарияланды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1619481-almaty-oblysynda-policiya-leytenanty/

pixel