RU

Қарт әже мен атаның тойдағы вальсі көпшілікті сүйсінтті

Қарт әжей мен атаның қазақ тойында билеген вальсі желі қолданушыларын сүйсінтті. Соңғы кезде қазақ тойларындағы сорақы билерді көріп шаршаған көпшілік, қарттардың әсем әуенге билеп жүргені жұлқына билеген жастарға үлгі десіп жатты.

"Құдай ау, 100 жасаңыздар! Тоңқаңдап, ысқырып, ақ тер-көк тер болып билеп жүрген апа-аталар осы кісілерден үлгі алса", "Міне, махаббат! Үлгі боларлық қариялар!", "Қандай керемет көрініс", "Тойда жын кіргендей жұлқынып билейтіндер көретін видео екен, ғұмырлы болыңыздар", - деп жазды оқырмандар.

Тағы оқыңыздар: Жер бетіндегі ең кәрі кейуана қайтыс болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619536-qart-azhey-men-atanynh-qazaq-toyynda-bil.html