RU

Арнайы статистика: Головкин Альвареске әлдеқайда көп соққы жұмсаған

CompuBox жүйесі тең аяқталған Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегіндегі соққылар статистикасын ұсынды деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар: Канело: Головкиннің "жойқын соққысын" сезінген жоқпын

Compubox мәліметінше, Головкин 703 соққы жасап, 218-ін дәл тигізді (31 пайызын).

Джебтерінің 361-інің 108-і тиген (29,9 пайыз), ал қуатты соқыларының 342-сінің 110-ы (32,2 пайыз) дөп тиген.

Ал Альварес азырақ соққы жасапты (505). Соның 169 соққысы дөп тиген (33,5 пайыз).

Мексикалықтың джебтерінің 233-інің 55-і тисе (23,6 пайыз), 272 қуатты соққысының 114-і (41,9 пайыз )дөп тиген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1619997-arnayy-statistika-golovkin-alvares.html