RU

Астанада құрылыс нысаны құлап, екі адам мерт болды (фото)

Астанада жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында плиталар опырылып, екі жұмысшы мерт болды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл ақпаратты ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

«Бүгін Астананың Сарыарқа ауданында сағат 11:56 кезінде Алаш тас жолы бойында құрылыс плиталары мен нысан қабырғасы құлады.

Тағы оқыңыздар: Әйгілі боксшы Альвареске 118 ұпай берген төрешіні жұмыстан қууды талап етті

Алдан ала мәліметтер бойынша, оқиғаның салдарынан 3 адам зардап шекті, яғни біреуі оқиға орнында жан тапсырса, бір жұмысшы ауруханаға жеткізіліп, тағы біреуі үйінді астында қалып қойды. Қазіргі кезде бұл адамдардың аты-жөні анықталып жатыр», - деді Руслан Иманқұлов.

Кейіннен үйінді астында қалып қойған үшінші адам табылды. Өкінішке орай, ол да апат салдарынан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620122-astanada-qurylys-nysany-qulap-eki-ada.html