RU

Елбасы Головкинге: Сен тартысты жекпе-жекте табандылық таныттың

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарындағы Лас-Вегаста өткен WBA, WBC, IBO, IBF және The ring тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек аяқталған соң Геннадий Головкинге жеделхат жолдады.

Тағы оқыңыздар: Әйгілі боксшы Альвареске 118 ұпай берген төрешіні жұмыстан қууды талап етті

«Миллиондаған қазақстандықтар саған бір ауыздан қызу қолдау көрсетті. Сен тартысты әрі жанкешті жекпе-жекте айрықша табандылық танытып, қажымас қайрат пен асқан шеберлік көрсеттің.

Сенің кәсіпқойлығың, зор қабілетің, қол жеткізген абырой-беделің, ең бастысы – өз ісіңе шексіз адалдығың келешектегі жарқын жеңістеріңнің кепілі бола берсін», – делінген жаделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев боксшыға зор денсаулық және алдағы белестеріне табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620148-elbasy-golovkinge-sen-tartysty-zhekpe.html