Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік ақын қыз ата-енесінің рұқсатымен өз тойында айтысқан (фото)

Опубликовано:

Ақтөбелік айтыскер ақын Жұлдыз Қожабекова Жәнібек есімді полиция қызметкеріне тұрмысқа шықты деп хабарлайды «Тілші».

Тойға арнау айтуға келген ақындардың бірі Қайырхан Жұбаниязов ата-енесінен рұқсат сұрап, қалыңдықты айтысқа шақырды.

«Айтыс тартысты өтті. Әзіл айтыс болды. Әрине, қалжың кезінде отбасы құрып отырған жұбайларға жақсы тілектер айтылды. Бұрын-соңды мұндай тойды көрмедік. Жұлдыз қызымызға тек бақыт тілейміз», — дейді тойда болған қонақтардың бірі «Тілшіге».

Тағы оқыңыздар: Елбасы Головкинге: Сен тартысты жекпе-жекте табандылық таныттың

Ақын Қайырхан жұбайларды мақтай келе, күйеу жігітке ақын қызға жақындаудың өзі ерлік екенін айтқан.

Айта кетер болсақ, Жұлдыз Қожабекова көптеген айтыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолынан әдебиет саласындағы жетістіктері үшін арнайы сыйлық алды. Таяу күндері Ғани Мұратбаев атындағы сыйлыққа ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1620180-aqtobelik-aqyn-qyz-ata-enesininh-ruqsa/

pixel