RU

Баян Есентаева 48 жасқа толған сүйіктісін мерекесімен құттықтады (фото)

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов бүгін 48 жасқа толған күнін атап өтуде. Ғашығының атаулы мерекесін ұмытпаған Баян Мақсатқызы оны өзінің желідегі ресми парақшасында арнайы құттықтады.

"Туған күніңмен, махаббатым", - деп жазған Баян қолына торт ұстап, балаша мәз болып тұрған Алагөзовтің суретін жариялаған.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбелік ақын қыз ата-енесінің рұқсатымен өз тойында айтысқан (фото)

Атақты продюсер ғашығы екеуінің қуанышты күнін басқалар талқылағанын қаламаған секілді.

Алғашында құттықтау сөздерімен қоса түрлі тілекті жарыса жазған оқырмандар бірнеше минуттан соң "пікір жазу бақытынан" айырылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620245-bayan-esentaeva-48-zhasqa-tolghan-suyiktis.html