RU

Алапат өрт: Астанада ірі бизнес орталығындағы дәмхана отқа оранды (фото)

17 қыркүйек күні Астанада сағат 23.00 шамасында Бейбітшілік көшесінің бойында орналасқан "Драфт" кафесінен өрт шықты. Дәмхана төрт қабатты "Өркен" бизнес орталығының ғимаратында орналасқан деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 2017 жылдың 17 қыркүйегі күні сағат 22:49-да Астана қаласы Бейбітшілік көшесіндегі төрт қабатты «Өркен» іскерлік орталығының астыңғы қабатында орналасқан «Драфт» дәмханасының ас дайындау бөлмесінен өрт шықты. Түтінді сорып шығару құрылғысы мен нысанның сыртқы қаптамасы жана бастаған, кейін от ғимараттың шатырына ауысқан», - деп хабарлады Иманқұлов.

Оқиға орнына жеке құрамның 60 адамы және мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің 25 техникасы жұмылдырылған.

Тағы оқыңыздар: Елордадағы құрылыста қаза тапқандар Өзбекстан азаматтары болып шықты

Тілсіз жау шамамен 400 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Зардап шеккендер жоқ. 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді», - деді ресми өкіл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620328-alapat-ort-astanadaghy-iri-biznes-orta.html