RU

Бауыржан Байбек көшеде қайыр тілеп отырған қарияға автограф берді (видео)

Демалыс күндері Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Панфилов көшесінің жартылай жаяу жүргіншілерге арналған бөлігін аралап, халықпен жүздесті деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Бұл жолы қала басшысы қасына қоғам белсенділері мен блогерлерді жинап, шаһардағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырған. Көше бойын жаяу кезген әкім баянда ойнаған қарияға көзі түсіп,  қалтасынан садақа берді.

Алайда көшедегі музыкант басшыны бірден танып, қолтаңбасын сұраған. Байбек ойланбастан қарияға деген тілегін нота парақшасына қалдырып, арнайы куәлік тапсыратынын айтқан.

Бұл туралы видео журналист Полина Шиманская өзінің facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Тағы оқыңыздар: Сапарбаев өрт сөндіремін деп ажал құшқан әкім мен жұмысшылардың үйіне көңіл айтты

Көпшілік әкімнің әрекетін қарапайымдылыққа балап, мақтауларын айтып жатыр. Блогерлердің сөзінше, қала басшысын көшеден көрген халық таңырқап, көбісі ойындағы сұрақтарын қойғаннан гөрі суретке түскенді жөн санапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620383-bauyrzhan-baybek-koshede-qayyr-tilep-ot.html