RU

Танымал әнші балаларымен бірге отандық арналарды көруге ұялатынын айтты

Еліміздегі мәдениет пен шоу-бизнес саласына қатысты қатаң сын айтып, өз ойын ашық жеткізіп жүрген Тоқтар Серіков бұл жолы отандық телеарналар мен ондағы жарнамаларды қатаң сынға алды." rel="nofollow"> "Zhuldyz TV" арнасына сұхбат берген әнші балалрымен бірге теледидар қарауға ұялатынын айтты.

"Ұлттық арналарда әйелдердің дүниесін жарнамалайды. Менің балаларым сұрайды "әке, мынау не?" деп, мен ұяламын. Соны қалай қолдану керек екенін бүкіл әйел заты білетін шығар, соның қажеті жоқ.

Тағы оқыңыздар: Меруерт Түсіпбаева алғаш рет баласының әкесі кім екенін ашып айтты (фото, видео)

Осыны қарап отырып, біздің телеарналар қайда бара жатыр деп ойлаймын. Бізде неге тыйым жоқ, біздің әлгі бұрқыратып шығарып жатқан заң осыларға неге шықпайды, осыларды неге қарамайды?

Біздің мәдениет министрі қайда қарап отыр?! Мұның бәрі мәдениет қой, мәдениеттің ішіне кіреді",- дейді ашынған әнші.

Айта кетейік, еліміздегі ең танымал жұптардың бірі - Тоқтар мен Бейбіт бүгінде үш ұл тәрбиелеп отыр. Жұбайлардың Әлинұр және Сағинұр атты егіз ұлдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620526-tanymal-anshi-balalarymen-birge-otand.html