RU

Жайық өзенінен аяқ-қолы байланған ресейлік азаматтың денесі табылды

15 қыркүйекте Атыраудағы су тазарту құрылғысы маңындағы Жайық өзенінен аяқ-қолы байланған киімшең ер адамның мүрдесі су бетіне қалқып шықты. Қалтасынан 1964 жылғы Ресей азаматы Сергей Павленконың төлқұжаты табылды.

Бұл туралы "Ақ жайық" басылымы хабарлады.

Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов хабарлағандай, Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, сараптама тағайындалған.

Тағы оқыңыздар: Сапарбаев өрт сөндіремін деп ажал құшқан әкім мен жұмысшылардың үйіне көңіл айтты

Марқұмның Қазақстанға 10 қыркүйекте Астрахан облысынан жүк фурасымен келгені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620543-zhayyq-ozeninen-ayaq-qoly-baylanghan-res.html