RU

"National Geographic Қазақстан" журналының ағылшын тіліндегі нұсқасы жарыққа шығады

"National Geographic Қазақстан" журналының ағылшын тіліндегі алғашқы арнайы саны баспаға әзірленді. Бұл номерге Қазақстан туралы «National Geographic» журналында әр жылдарда жарияланған қызықты мақалалар топтастырылды деп хабарлайды NUR.KZ. 

Олардың басым көпшілігі Вашингтон қаласында орналасқан "National Geographic" Бас архивінен табылды.

Бұл мақалалар қазақ тіліне де аударылып, қалың оқырманның сүйіспеншілігіне бөленген болатын.

Табанды ізденістер мен келіссөздердің нәтижесінде әр жылдары жарияланған сол мақалалар авторлық құқықтары сақтала отырып, әлемдік аудиторияға қайта ұсынылып отыр. Бір кезде жарияланған мақалаларды жинап қайта басудың себебі – Қазақстанның соңғы бір ғасырдағы тарихы мен мәдениетін және бүгінгі дамуын өздеріңізге қысқаша баяндағымыз келген.

Атап айтқанда бұл журналдан 1937 жылғы күн тұтылу процесінің Қазақ жерінен қалай бақыланғанын, 1954 жылғы Қытай қазақтарының миграциясын, Орталық Азиядағы ең үлкен суқоймалары – Арал теңізі мен Балқаш көлі жайлы зерттеулерді оқи аласыздар.

Тағы оқыңыздар: Бауыржан Байбек көшеде қайыр тілеп отырған қарияға автограф берді (видео)

Бұл - Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен мәдениетін, бүгінгі дамуы мен әсем табиғатын әлемдік оқырмандарға танытудың тамаша мүмкіндігі деп санаймыз.

"National Geographic Қазақстан" журналының ағылшын тіліндегі санында:

- Елбасының арнайы құттықтауы,

- Қазақстан және қазақ халқы туралы тарихи деректер,

- Орталық Азия аймағына қатысты мәліметтер,

- Қазақстан табиғаты жайлы фоторепортаждар,

сондай-ақ, редакция журналистерінің бүгінгі Қазақстан туралы қызықты зерттеулері топтастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620595-national-geographic-qazaqstan-zhurnalynynh-aghylshyn-til.html