RU

Қызылорда облысында екі жасар бала әжетханаға түсіп кетіп, мерт болды

Сырдария ауданы, Тереңөзек ауылында қайғылы оқиға орын алды. Әжетханаға құлап кеткен екі жасар бала тұншығып мерт болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәбидің мәйітін туыстары алып шыққан.

Қазір арнайы мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Тағы оқыңыздар: Жайық өзенінен аяқ-қолы байланған ресейлік азаматтың денесі табылды

«Біз ата-аналардан баланы қараусыз қалдырмауын сұраймыз. Бұл - олардың өмірі үшін қауіпті. Балалар жалғыз қалған кезде көп жағдай қайғылы аяқталады», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620650-qyzyorda-oblysynda-eki-zhasar-bala-azhe.html