RU

Қарағандыда "Қазавтожолдың" басшысы мен орынбасары 17 млн теңге парамен ұсталды (видео)

"Қазақавтожолдың" Қарағанды облыстық филиалының директоры Ғадыл Мұқанов пен оның орынбасары Ержан Отров 17 миллион теңге пара алып жатқан жерлерінде ұсталды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ведомсвтоның хабарлауынша, олар "Ақжол ДС" ЖШС өкілдері М.Ыбышев мен Б.Жақпаровтан 17 миллион теңге көлемінде пара алған.

Ақшалай қаражат Қызылорда-Қарағанды-Павлодар автожолының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар актісіне қол қою үшін беріліпті.

Тағы оқыңыздар: Жайық өзенінен аяқ-қолы байланған ресейлік азаматтың денесі табылды

15 қыркүйекте М.Ыбышев, Б.Жақпаров, Н.Мұқанов, Е.Отаров Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабы бойынша ұсталып, Қарағанды қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

16 қыркүйекте барлық күдікті сотты шешімімен қамауға алынды. Соталды тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620696-qaraghandydaghy-qazavtozholdynh-basshys.html