RU

Елімізге белгілі әнші ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Елімізге белгілі әнші Жеңіс Ысқақова келін түсіріп, қайын ене атанып жатыр. Әртіс кеше Алматы төріндегі "Версаль" мейрамханасында тұңғыш ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізді.

Әншінің қуанышын бөлісуге Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Сейфулин Жолбарыс, Меруерт Түсіпбаева, Сәкен Майғазиев, Гүлзира Айдарбекова, Қайрат Нұртас сынды елімізге танымал өнер жұлдыздары келді.

Тағы оқыңыздар: Танымал әнші балаларымен бірге отандық арналарды көруге ұялатынын айтты

Мерекелік тойды Әйкерім Қалаубаева мен журналист Ақберген Жұмабаев жүргізген.

Әншінің құдалары Екібастұздан екен. Қалыңдықтың суретін көрген желі қолданушылары Каринаны "қайын енесіне қатты ұқсайды" деп жазып жатты.

    Әртіс ұлының тойында өнердегі әріптестеріне қосылып, сахнада ән шырқады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620706-elimizge-belgili-anshi-ulynynh-uylenu-t.html