RU

Биыл соңғы 100 жыл ішіндегі ең суық қыс болады деп болжануда

Ғалымдар биыл соңғы 100 жылдағы ең суық қыс болатыны жөнінде болжам жасауда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл соңғы жылдардағыдай жайлы қыс болмайды. Қазан айында күн күрт суытады. Аязды күндер қарашада басталады", - дейді мамандар.

Ал, желтоқсан айында ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді.

Соңғы рет мұндай суық өткен ғасырдың 50 жылдарында болған екен. Биылғы жылы қар да қалың түседі. Бұл туралы танымал ауа райын болжаушы, британ климатологы Джеймс Мэдден болжаған.

Тағы оқыңыздар: Головкин келесі жекпе-жегінде Мигель Коттомен кездесуі мүмкін

«Жаңбыр, қар, өңмеңнен өтетін жел, төмен температура. Жылы киімдер алып, үйлеріңізді қысқа қамдаңыздар. Қыс ұзаққа созылады», - дейді сарапшы.

Бірақ неліктен бұлай болады?

Биылғы қыстың суық болуының негізгі себебі Тынық мұхитындағы температураның тез жоғарылауы. Яғни, ол кенеттен 1 градусқа жоғарылап, бұл арктикалық ауа массаларының мұздануына әкелген. Сол себепті қыс мезгілі аса суық арктикалық ауа массаларының ықпалында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620791-biyl-sonhghy-100-zhyl-ishindegi-enh-suyq-qys-bo.html