RU

Владимир Божко: Ауылдағы жастарды Астанаға жібермеу керек

Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінде болған жанжал шешілді, бірақ әлеуметтік желілерде елордаға ауылдан келген жастардың арандатушылық мәндегі сөздері таралып жатыр.

Мұндай пікірді Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әлеуметтік желілерде ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайтын арандатушылық мәндегі мәліметтер таралып жатыр. Ондай пікірлердің басым бөлігі ауылдардан келген жастардан, өздеріне лайықты ақша беретін жұмыс табуға қиналып жүрген жастардан келіп жатыр", - деді Владимир Божко Парламенттің төменгі палатасының үкіметтік сағаты барысында.

Депутаттың айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын Астанадағы "Артем" базарында да бір әйел бастаған жанжал төбелеске дейін барған.

"Бұл жағдай да осындай төбелестердің себептерін анықтап, оларды жою қажеттігін көрсетті. Ауылдардан қалаға ағылып жатқан жастардың санын азайту керек", - деді Владимир Божко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620816-vladimir-bozhko-auyldaghy-zhastardy-ast.html