RU

Кәмшат Жолдыбаеваның "арты жоқ көйлегі" желі қолданушыларын ашуландырды (фото)

Muzzone арнасының жыл сайынғы шоу-бизнес өкілдерін марапаттау рәсіміне келген Кәмшат Жолдыбаеваны арты ашық көйлегі үшін тыңдармандары жерден алып, жерге салды. Желі қолданушыларының ойынша, әнші қызыл кілем үстіне жартылай жалаңаш, әрі іш киімсіз шыққан.

Тағы оқыңыздар: Танымал әнші балаларымен бірге отандық арналарды көруге ұялатынын айтты

Кәмшатты сынаған оқырмандар ашық-шашық киінетін әншілерді көршілес Өзбекстан секілді елден шығаруды да ұсынды.

"Мынау не киім енді, қазақ қыздарына киетін киім емес, ұят қой! Ата -анасы, бауырлары бар қыздар осылай киіне ме?! Өнердегі ақылды ағаларымыз қайда қарап жүр, әріптестеріне бір ауыз ақылын айтпай, тындамаса ары қарай өзі білер. Сәкен Майғазиев, Медеу Арынбаев сынды ағаларымызға құлаққағыс етемін. Болмаса Өзбекстанның әншісін жалаңаш шықты деп елінен шығарғандай, бұл Кәмшатты да өнерден, елден шығару керек-ау...",-деп жазған.

Пікір қалдырушылардың көпшілігі қазақ қызы үшін мұндай киімнің тым ерсі екенін атап өткен.

"Кейінгі кезде Кәмшаттан көңілім қалды. Жасы ұлғайған сайын ашық-шашық киінетін болыпты. Іш-киімсіз шығу қазір сәнге айналған ғой деймін", "Барған сайын не болып бара жатырсыз, мына көйлегіңіз масқара ғой. Ата-анаңыз мына түріңізді көріп, жерге кіріп кеткен шығар", "Мында отырып, ұяттан менің өзім өртенердей болып отырмын", - деп жазады желі қолданушылары.

Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаева "Кешью" тобының экс-әншісі. Әншінің туған сіңілісі Алтынай Жолдыбаева да ашық образдары үшін көпшіліктің сынынан көз ашпайды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620839-zhartylay-zhalanhash-koylek-kigen-kamshat.html