RU

Атышулы ресейлік актер өз бағдарламасында қазақтарды мазақ етті (видео)

Атышулы ресейлік актер Алексей Панин өз бағдарламасы барысында қазақ ұлтына тіл тигізді деп хабарлайды "Обозреватель" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзінің түрлі бейәдеп әрекеттерімен елдің ашуына тиген Панин ендігі жеке бағдарлама ашып та үлгерген. Онда ол балағат сөздерді жиі айтып, қоғамдағы түрлі жайттарға қатысты өз ойын білдірмек болады.

Алайда бағдарламаның екінші түсірілімі барысында желі қолданушылары оны қазақтардың намысына тиетін сөздер айтқаны үшін сынға алды. Онда ол тек қазақтарға ғана емес, эстондықтарға қатысты да өзінің жағымсыз пікірін білдірген.

Оның жаңа ролигін желіде 200 мыңға жуық қолданушы қарап үлгерген.

Тағы оқыңыздар: Владимир Божко: Ауылдағы жастарды Астанаға жібермеу керек

Бағдарлама аясында ол Apple компаниясы шығарған Iphone X  моделінің таныстырылымы туралы айта келе, ондағы адамның бет-әлпетін тану (Face ID) функциясына тоқталған. Телефонның ерекшелігі сол, телефонды бұғаттан шығару үшін адам оны бетіне тақау керек болады. Дәл осы тұста ол қазақтарға қатысты әзіл айтқан.

Оның айтуынша, Скриптонит есімді Қазақстаннан шыққан рэпердің достары оның телефонын оп-оңай бұғаттан шығара алады. Себебі қазақтардың барлығының бет-әлпеті бірдей.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620938-atyshuly-reseylik-akter-oz-baghdarlama.html