RU

Алматыда күйеуі тастап кеткен 10 балалы ана үйлі болды (фото)

Жалғыз өзі 10 бала тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері Айнұр Арғынбекова жаңа үш бөлмелі үйде қоныс тойын атап өтті. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қоныстанушыларды айтулы оқиғамен алғашқылардың бірі болып құттықтап, жаңа пәтердің кілттерін тапсырды.

Жаңа қоныстанушылардың пәтерлері Алатау  ауданында орналасқан, мұнда барлық инфрақұрылым, мектеп, бала бақша және басқалары бар. Үй жиһазбен жабдықталған және әрленген.

Естеріңізге салсақ, батыр ана жалғыз өзі отбасын асыраған, бірнеше жыл бұрын жол апатынан мүгедек болған күйеуіне қарап, күтім жасаған. Айнұр Арғынбекова 10 баласы мен мүгедек жолдасын еден жуушы болып жалғыз өзі асырағанын айтты. Кейін күйеуі аяғынан тік тұрған соң отбасын тастап кеткен.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің барлық өңірінде діни рәсімдер біркелкі өткізілетін болады

Алматы әкімі 2016 жылдың желтоқсанында Тұңғыш президент күнін мерекелеу барысында «Алматы Арена» мұз сарайына қарсы бетте салынып жатқан 14 қабатты үйдің пәтеріне құжаттар тапсырған еді.

«Мемлекет басшысы көмекке зәру жандарға қол ұшын беру туралы үнемі айтады, бұлардан қоғам сырт қалмауы тиіс», –деген еді сол кезде Байбек.

Сондықтан президенттің, қала мен осындай зәру жандарға немқұрайлы қарамайтын кәсіпкерлердің атынан әйелге үш бөлмелі пәтердің сертификаты берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1621158-almatyda-kuyeui-tastap-ketken-10-balaly.html