RU

Депутат Божко бюджетті үнемдеу үшін балаларды еденде оқытуды ұсынды

Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко қазақстандық балаларды халықаралық тәжірибеге сай еденде оқытуды ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ұсынысты Владимир Божко мұражайларда балаларға сабақ жүргізу жоспарын талқылау кезінде жасады. Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов мұражайда балаларға арнайы сабақ жүргізу үшін оларға парталар мен орындықтар әзірлеу керетігін алға тартқан.

"Мультимедиялық тақталар, отыратын орындар керек. Сол үшін әкімдік және мәдениет басқармасымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жобаның болашағы зор деп ойлаймын", - деді Аймағамбетов.

Тағы оқыңыздар: Отандық шоу-бизнестегі сымбатты әнші екінші рет отау құрды (фото, видео)

Алайда Божкоға бұл жағдай жақпай қалды. Ол шетелдік мұражайлардың тәжірибесін қолданып, балаларды еденге жайғастыру керектігін айтуда. Депутат осылайша мемлекеттік бюджеттің қаражатын үнемдейміз деген пікірде.

"Біз Жапонияның өзінде балалар еденге жайғаса кетіп, мұражайдағы оқытушы оларға сабақ түсіндіріп жатқанының куәсі болдық. Луврда да солай. Мұнда да аудитория, мультимедиялық заттар, тіпті одан кейін асхананы да ұйымдастырып жатудың қажеті жоқ. Шетелдік тәжірибені зерттеп, соны қолданыңыздар. Бұл жағдайда бюджетке ұқыптылықпен қарау керек", - деп түйіндеді Божко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1621233-deputat-bozhko-byudzhetti-unemdeu-ushin-b.html