RU

Серік Сәпиев Головкиннің Альваресті не себепті нокаутқа түсіре алмағанын айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен кездесуінде ауыр бір соққы жасауға тырысты, ал «Канело» бұл уақытта жеңіл жылдам соққыларын көп өткізді. Бұл туралы Олимпиада чемпионы, мәжіліс депутаты Серік Сәпиев ОКҚ брифингі барысында мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz.

«Гена ауыр бір соққы жасауға тырысқанын көрдіңіздер, Альварес бұл уақытта жеңіл жылдам соққыларын көп өткізді. Гена да жеңіл соққылар жасауы керек еді деп ойлаймын. Сол кезде нокаутқа түсіретін соққының өзі келеді. Алғашқы раундтарда нокаутқа түсіретін соққыны емес, боксты көбірек ойлауы керек еді», - деді Сәпиев.

Оның пікірінше, Альварес жоғары деңгейде дайындалып келген. Боксшы «алғашқы раундтардан-ақ жекпе-жек ауыр болатынын білдім» дейді.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да ірі жол апатынан төрт адам қайтыс болды

«Альварес өте жоғары деңгейде дайындалғанын байқадым. Келесі жекпе-жекте Генаға жақсылап дайындалу керек, оны зерттеп, соққы жасауға ғана мән бермей, бокстасу да керек», - деп толықтырды Серік Сәпиев.

Оның пікірінше, кездесу 7:5 есебімен Геннадий Головкиннің пайдасына шешілген.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин Альвареспен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен қос боксшы тең түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1621294-serik-sapiev-golovkinninh-alvaresti.html