RU

Боксшының ұлы көптің көзінше әкесінің қарсыласын әуретті жерінен ұрып жіберді (видео)

Ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерстің ұлы әкесінің қарсыласын әуретті жерінен ұрып, жұрттың зәресін ұшырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балақай әкесінің қарсыласы Кіші Вилли Монроға шабуылдай жөнелген. Оқыс жағдай салмақ өлшеу рәсімінде болды.

Тағы оқыңыздар: Ақпарат министрлігінің құпиясы: Бюджеттен бөлінген 2 миллиард теңге кімнің қолында кетті?

Боксшылар фотограф алдына шыққанда, Монро Сондерстің ұлын басынан сипамақ болады. Алайда бұл ілтипатына жас бала күшті соққымен жауап берген. Ол әкесінің қарсыласын дәл әуретті жерінен бір ұрғанда, ондағы жұрт шу ете түседі.

Абырой болғанда, спортшы зардап шекпеді. Ал бұзық балақай сахнадан аулақ жерге әкетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1621356-boksshynynh-uly-koptinh-kozinshe-akesini.html