RU

ШҚО-да жат планеталықты көрген жігіт ауруханаға түсіп қалды (фото)

Шығыс Қазақстандағы Бозай ауылының тұрғындары "жат ғаламшарлықтардың ізін" таптық деп отыр. Елді мекеннен 12 шақырым қашықтықта ойылып қалған жерді өзгепланеталықтар қазып кеткен дейді тұрғындар. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Тереңдігі 40 сантиметрдей шұңқыр ромб тәрізді болып ойылып қалған. Оның ұзындығы 12, ені төрт жарым метр. Осыны көрген тұрғындар мұнда жат ғаламшарлықтар келді деген пікірде. Өйткені, жер қыртысын өз орнынан 1 метр 20 сантиметрге жылжытып та жіберіпті.

Тағы оқыңыздар: Премьер Сағынтаевтың қолынан пәтер кілтін алған көпбалалы отбасы далада қалғалы тұр

Сөйтіп, шақырылмаған қонақтар басқа жаққа алып кетпек болған сыңайлы дейді ауылдықтар. Дәл осы Сарыоба деп аталатын шабындыққа, 28 жыл да бұрын бөгде ғаламшарлықтар қонаққа келген көрінеді. Ал оны көрген жігіттің денсаулығы сыр беріп, бірден ауруханаға түсіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1621730-shqo-da-zhat-ghalamsharlyqtardynh-izi-zhurt.html