RU

Мьянмадан қашқан мұсылмандар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр

Мьянмадағы қуғын-сүргіннен құтылу үшін Бангладешке босып барған рохинджа халқы енді адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы халық аштан қырылып қалмау үшін азық-түлік жеткізгенімен, ел ауыз суға жарымай, қолдан жасалған үйшіктерде тұруға мәжбүр деп хабарлайды 31 арна.

Бангладештің оңтүстік-шығысындағы Кокс-Базар қаласының маңындағы лагерьде Мьянмадан бас сауғалап келіп жатқан рохинджа халқының көші әлі үзілген жоқ. Алайда, босқындарды құшақ жая қарсы алуға Бангладеш үкіметінің де жағдайы көтермей отыр.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да "жат ғаламшарлықтардың ізі" жұрттың зәресін ұшырды (фото)

Біріккен Ұлттар Ұйымының  босқындар жөніндегі комисариатының хабарлауынша гуманитарлық дағдарысты шешу үшін кем дегенде 30 миллион АҚШ доллары қажет.

"Біз гуманитарлық ұйым ретінде әр отбасыға 20 келі күріш бердік. Бұл біздің алғашқы көмегіміз", - дейді дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі Шашанкар Чандра Дас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1621745-myanmadan-qashqan-musylmandar-adam.html