RU

Оралда топ болып төбелескен жігіттерге араша түскен әжей көпшілікті тәнті етті (видео)

Оралда көшенің қақ ортасында топ болып төбелескен жігіттердің видеосы желіде тарап кетті. Аталған видеода бірін-бірі аямай тепкілеп жатқан жастарды ажыратпақ болған қарт әжей де жүр.

Бұл туралы Мой город порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Тал түсте төбелескен жігіттерге басу айтуға ешкім бармаған. Тіпті, тепкілеп жатқан жастарды бақылап тұрған ер адамдар да көп. Алайда, ешқайсының олардың тоқтатуға батылы жетпеген. Тек егде жастағы кейуана ғана жастарды тоқтапақ болып, араша түсіп, ақыры, әлі жетпеген соң құлап қалды.

Жастардың ешқайсысы оны демеп, орнынан тұрғызып жіберген жоқ.

Бүгінде көше ортасында бұзақылық жасағандар қамауға алынды. Полиция жастарды арашаламақ болған қарт әжейді алғыс айту үшін  іздестіріп жатыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1621860-oralda-top-bolyp-tobelesken-zhigitter.html