RU

Америкаға «Ирмадан» кем түспейтін тағы бір қатерлі дауыл келе жатыр (фото)

Кариб бассейні аралына жақындап келе жатқан «Мария» дауылы Саффир-Симпсон шкаласы бойынша ең жоғарғы 5 деңгейге жетті деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған Baq.kz.

АҚШ Дауылдар ұлттық орталығы сайтында дауылдың күші «өте қауіпті» деңгейге жеткені айтылған. Желдің жылдамдығы сағатына 260 километрге жуықтаған, ал оның екпіні әлі де күшеюі мүмкін.

АҚШ президенті Дональд Трамп мұхиттың арғы жағындағы Америка аумағы – Виргин аралдары мен Пуэрто-Рикода төтенше жағдай режимін енгізді.

Тағы оқыңыздар: Ақбота Керімбекова үшінші күйеуін ақшаға қызықты деп сынағандарға жауап берді

Тағы бір дерек бойынша «Мария» дауылы Кариб бассейні аралдарына жетіп үлгерген. Доминикан респбуликасы премьер-министрі Рузвельт Скеррит Фейсбукте дауыл үйінің шатырын жұлып кеткенін жазды. Бұл елде әуежайлар жабылды.

«Мария» осыдан бірнеше күн бұрын соғып, зор зиян әкелген «Ирма» дауылының ізімен келе жатыр.

Суретте 1-ден ең жоғарғы 5-ке дейінгі категориядағы дауылдардың зардабы қаншалық болатыны көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1621929-amerikagha-irmadan-kem-tuspeytin-ta.html