RU

Жол апатынан соң адам танымастай өзгерген шымкенттік бойжеткеннің қазіргі жағдайы қалай? (фото)

Ажарынан айырылған 23 жастағы Мәдина Садуоваға жасалған алғашқы ота сәтті аяқталды. Бұл туралы Мәдинаның өзі "ТВК" арнасына хабарласып, жағымды жаңалықпен бөлісті.

Ескерту: Төмендегі суреттерді жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз!

Оңтүстік кореялық дәрігерлер алдымен бойжеткеннің мойнына пластикалық ота жасапты.

Дегенмен Мәдинаның бетін қалпына келтіру үшін жасалатын ота алты айдан соң ғана жасалмақ. Осы күнге дейін елімізде 15 отадан өткен бойжеткен наркозды шамадан тыс алып қойған.

Тағы оқыңыздар: Америкаға «Ирмадан» кем түспейтін тағы бір қатерлі дауыл келе жатыр (фото)

Сондықтан оның ағзасы түрлі препараттан дем алуы керек. Енді 22 қыркүйекте Мадина мен оның әкесі Оңтүстік Кореядан елге оралады. Ол алты айдан соң қайтадан емін жалғастыру үшін шетелге баратын болды.

Еске салсақ, ОҚО-да осыдан бір жыл бұрын жантүршігерлік жол апатына түскен 23 жастағы Мәдина Сәдуова бет-жүзін қалпына келтіру үшін халықтан көмек сұраған болатын. Бойжеткенді жол апатынан құтқару үшін жергілікті дәрігерлер 15 рет ота жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1621944-zhol-apatynan-sonh-adam-tanymastay-ozge.html