RU

Головкинге аз ұпай берген төреші әйел жекпе-жектен кейін жылап қалды

Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегінде жұмыс істеген төрешілердің бірі қандай қателік жібергенін ұғына бастаған секілді. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған Baq.kz хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Аделаида Берд 118-110 есебімен жеңісті «Канелоға» берген еді. Ал Дэйв Моретти Головкин ұтты (115-113) десе, Дон Трелла жекпе-жек тең өтті деген шешім шығарды – 114-114.

Тағы оқыңыздар: Ақботаның ата-енесі ұлдарының танымал әншіге үйленуіне қарсы болғандарын айтты

«Берд жұрт не үшін сынап жатқанын ұғынған секілді. Ардагер төреші жекпе-жектен кейін телефонын қарап шығып, жылап жіберді. Әлеуметтік желілердегі журналистердің қарсы пікірін де оқыды», - деп хабарлады Mirror Sport өз дереккөзіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварес жекпе-жекте тең түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1622008-golovkinge-az-upay-bergen-toreshi-ayel.html