RU

Астаналық журналистер мешіттегі қайыршылардың "крышасын" анықтады (фото)

Астаналық журналистер елордадағы кезбелер туралы зерттеу материал жасау кезінде олардың бір күндік табыстарының көлемі мен жоғарыдан қарап билік ететін жандарды анықтады деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Үстеріне жыртық киім киіп, бетін қайыршаға ұқсатып әрлеткен Еуразия арнасының «Басты бағдарлама»  тілшісі «Артем» базарының жанындағы орталық мешітке садақа сұраушы болып бас сұғады. Алайда, табалдырықтан аттаған бойжеткенді жергілікті қайыршылар қоқан-лоқының астына алып, ешқайсысы зекет жинауға отырғызбапты.

Бұл оқиғаның барлығын журналистер жасырын камераға түсіріп алған.

Тағы оқыңыздар: Мьянмадан қашқан мұсылмандар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр

- Ана жаққа кет, мен өзімізден басқаны отырғызбаймын бұл жерге. Әркімнің өз орны бар бұл жерде.

- Сатып алдыңыз ба бұл жерді? Қаншаға? (тілші)

- Иа, айтайын ба? Өте көп. Жетпейді ақшаңыз

- Мына жерге көрінгенді отырғызбайды. Салтанат деген бар. Сол шешеді бәрін, біз бұл жерге төлеп қойғанбыз, сонымен келісім-шарт бар.

- Салтанатты қайдан табуға болады? (тілші)

- Ол жоқ қазір, Таразға кетті, бір аптадан соң келеді, 16 жыл отырған әйел осы жерде. Крышасы осы жердің,- деп егде тартқан қайыршы әйел, журналисті мешіт алдынан қуып жіберді.

Журналистердің айтуынша мешіттің маңайы қайыршылар үшін майлы жер. Сол үшін де олар төбелеске дейін барып орындарын ешкімге бермейді. Садақа сұраушылардың күндік табысы жайғасқан жеріне байланысты.

Тағы оқыңыздар: Қытай мектептері оқушыларына жаппай Димаштың әнін үйрете бастады (видео)

Тіпті, «Нұр Астана» мешітінің ішін меншіктеп алған қайыршы апа өзіне бәсекелес болған журналисті балағаттап, ұруға дейін барды.

«Кет, бар ары! Бұл жерге менің қағазым бар. Бұл жермен байлар жүреді», - деген тентек әйел тілшіні ақыры қуып тынды.

Ал журналист мешіт баспалдағына отырып-ақ небәрі 15 минутта 2005 теңге зекет жинаған. Бұл соманы бар болғаны Алла үйіне кірген астаналық бес тұрғын берді.

Бас қаладағы мешіттерге күніне қанша адам бас сұғанынын есептесеңіз қайыршылардың да қалтасы соған сай қомпаяды. Аз уақытта осынша қаржы жиналғандарына сенбеген тілшілер садақаларын екі рет санап, мешіттің зекет жәшігіне салып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1622168-astanalyq-qayyrshylardynh-ekspo-dan.html