Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ninety One" тобының фанаттары сахнада орынсыз сын айтқан Аша Матайға қарсы шықты (видео)

Опубликовано:

Жексенбі күні Муззон арнасы ұйымдастырған "ЕМА-2017 " байқауында Аша Матайдың 91 тобына айтқан сынын естіген Eaglez шу шығарды. Олар Ашаның 91 тобынан кешірім сұрауын талап етуде деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Жігіттер, сіздердің өнерлеріңізге тәнтімін, өте жақсы көремін! Бірақ, шынымды айтсам, "осыған дейін шоу-бизнес су астында болған" деген пікірлеріңіз маған ұнамады",- дейді Аша.

Ал әншінің әріптесі Тахир Сұлтанов болса қазақ шоу-бизнесін көтеретін көрермендер екенін айтты.

"Ninety one,  қазақ шоу-бизнесі болған, болады да және оны көтеретін біздің көрермендер. Жәй ғана бір-екі әртістің айтқаны немесе жасаған дүниесі емес", - деді  ол.

Тағы оқыңыздар: Роза Рымбаева өзіне қатаң сын айтқан Бибігүл Төлегеноваға жауап берді

Ninety One жанкүйерлерінің жазуынша, Аша Матай мен Тахир Сұлтановтың тура сахна үстінде жеке пікірлерін айтуы артық болған.

"Осы дұрыс па?! Кештің хэдлайнерлеріне деген құрметсіздік! Өмірінде 91 тобына көрсетілгендей қолдау көрмеген біздің әншілеріміз жабайылар сияқты орындарынан тұрып, көрермендерді ұялы телефондарына түсіріп жүргені дұрыс па?!

Біз қашан халықтың ыстық ықыласы басқа әртістердің қызғанышын тудырмай, қалыпты деп қабылдайтын деңгейге жетеміз? Кеш жүргізушілерінің өзі Хэдлайнерлеріне "менің ойымша" деген ащы ескертулері мен  сындарын айтып жатқан кезде, жуырда жетпейтініміз анық.

Тағы оқыңыздар: Қытай мектептері оқушыларына жаппай Димаштың әнін үйрете бастады (видео)

Шоу-бизнесте кім басшы, мына әндер мен киімдер, конструкциялар кім үшін? Көрермен үшін емес пе? Көрерменнің  91 тобын естігендегі реакциясын естідіңіздер, зал жарылайын деп қалды.

Бұл көрерменнің таңдауы екенінің көрсеткіші емес пе? Бірақ, қызғаншақтық біздің кейбір әртістерімізді кәсібилік пен дұрыс ойлаудан алыстатады.  

Сіздердің жүргізушілеріңіз Аша Матай мен Тахир Сұлтан көрермендерге ұнамайтын сөзді қалай айтты. Сол себепті, құрметті Муззон арнасының басшылығы мұндай "кәсіби" журналистерді жалдаған жұмыс беруші ретінде кеш жүргізушілерінің Ninety one тобының хедлайнерлерінен кешірім сұрауын талап етеміз",- деп жазған фанаттар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1622311-asha-mataydynh-91-tobyna-aytqan-synyn-esti/

pixel