RU

Көліктері түйеге соғылып қаза тапқан қыздар "Қағанат" асханасында жұмыс істеген

Алматы облысында болған жол көлік оқиғасынан қаза тапқан қыздар «Қағанат» асханасының қызметкерлері болған. Олар Жаркенттегі әріптестерінің қайтыс болған ұлына көңіл айтуға бара жатқанда жол апатына ұшырады.

Бұл туралы хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Жол апаты 18 қыркүйектен 19-на қараған түні Панфилов ауданы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында болған. ІІД баспасөз қызметінен мәлімдегендей, 43 жастағы алматылық әйел жүргізіп келе жатқан Range Rover көлігі Айдарлы ауылының маңында түйені қағып кетіп, аударылған.

Жүргізуші әйел мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам ауруханада жан тапсырды. Сондай-ақ, түйе де өліп қалған.

Тағы оқыңыздар: Алматыда Mercedes жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (фото)

«Қағанат» асханалар желісіндегі дереккөз қайтыс болғандардың барлығы сонда жұмыс істегенін хабарлады. Олардың бірі 39 жаста,  директордың орынбасары болып қызмет еткен.

Мұның алдында әріптестерінің баласы қаза болып, бесеуі оған көңіл айтуға бара жатыпты.

Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Мәлімет бойынша, жолдың апат болған бөлігінде жөндеу жұмыстары аяқталмапты. Осыған байланысты ол жермен жүруге тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1622432-kolikteri-tuyege-soghylyp-qaza-tapqan.html