RU

Халықты уағыз арқылы мақта теруге шығарған имамдар бар шындықты жайып салды

Өзбекстанда Әндіжан облысының әкімі жиналыста аудан имамдарына тұрғындарды мақта теруге уағыз арқылы шығаруды тапсырған деп хабарлайды Centralasian.org.

Азаттықтың өзбек қызметінің дереккөзіне қарағанда, жиналыста мақта теріміне халықты жұмылдыру мәселесі қаралыпты. Онда имамдарға 10-15 адамнан тұратын топ құруды тапсырған.

Тағы оқыңыздар: Алматыда Mercedes жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (фото)

Аты-жөнін айтпауды сұраған имамның бірі соңғы жылдары мақта терімі кезінде әкімшіліктен тапсырма келетіні әдепкі жағдайға арналғанын айтты. Тек былтыр Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов қайтыс болған кезде ғана имамдарға "тиіспеген".

Әлеуметтік желіні қолданушылар Өзбекстанның басқа аймақтарында да биліктің халықты мақта теруге шығару үшін имамды пайдаланатынын айтып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1622486-ozbekstanda-imamdar-uaghyz-arqyly-khal.html