RU

Шымкенттегі арнайы операция: заңсыз телефон сатушылардың көзі құртылды (фото)

Шымкенттегі Тәуке хан және Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы «Гарант» дүкенінің маңы ұялы телефон сататын орталық іспетті. Мұнда бұрын қолданыста болған ұялы телефон саудалайтындар қаптап жүреді. Өзге ағым өкілдері қалағаныңызды тауып беруге әзір.

Қымбат бағалы ұялы телефондарды мұнда қалтаға қонымды бағаға сатып алуға да болады. Тіпті арасында ұрланған байланыс құралдары да болуы ғажап емес.

Қалалық әкімдік пен тәртіп сақшылары аталған орында бірнеше мәрте «тазалық жұмыстарын» жүргізген. Алайда «қуғынға» ұшырағандар «Мега» сауда орталығы маңына қарай жылыстап, қайтадан бұрынғы орындарын «басып алатын».

Тағы оқыңыздар: Алматыда Mercedes жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (фото)

Дәл осы дүкеннің алдындағы автотұрақты да жауаптылар ретке келтірген еді. Екі көшенің қиылысы болғандықтан аталған автотұрақ көлік кептелісінің орын алуына көп себепші болатын.

Қозғалыс құралын қоюға болмайды деген жол белгісін қойды, көшенің қарсы бетіне полиция бекетін ашты, ақыры әзер дегенде тазарған еді. Ал «сотка» саудалаушылардан тазарту әзірге мүмкін еместей көрінген.

Тағы оқыңыздар:  Халықты уағыз арқылы мақта теруге шығарған имамдар бар шындықты жайып салды

Алайда бүгін тәртіп сақшылары заңсыз сауда орынына айналдырғандардың барлығын ұстап әкетті.

Полиция мен арнайы жасақ әскерлері көшені, жолаяқтарды жауып тастап, бір сәтте саудагерлерді көлікке тоғытты.

Ресми органдар тарапынан әзірге ешқандай мәлімет жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1622505-shymkenttegi-arnayy-operaciya-zanhsyz-t.html