RU

Үйленгенін жасырып келген отандық танымал әншінің тұңғышы дүниеге келді

Ақтөбе облысынан шыққан танымал әнші әрі актер, «Сүйгенің қайда», «Сен қорқақсың» хит әндерінің авторы Нұрболат Абдуллин әке атанды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің жұбайының Instagram парақшасынан белгілі болды.

Нұрболаттың сүйген жары Гүлфарида тұла бойы тұңғышын өмірге алып келген. Оны барлық жақындары мен достары желіде құттықтап жатыр.

Бір қызығы, Нұрболат Абдуллин бүгінге дейін үйленгенін жасырып жүр.

Өнердегі жұлдызды әріптестері Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртасқа еліктеген ол талай рет желідегі тікелей эфир кезінде өзінің әлі үйленбегенін айтқан болатын.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде қорқынышты киноның бетпердесін кигендер кәсіпкерді тонап кеткен

Еске сала кетейік, Нұрболат Абдуллин Байғанин ауданының Жарқамыс ауылында туған.

Ол отандық «Көзайым» сериалында басты рөлді сомдап, актер ретінде жақсы бағаға ие болды. Сондай-ақ, Абдуллиннің әндері той қонақтарының арасында аса танымал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1622832-uylengenin-zhasyryp-kelgen-otandyq-ta.html