RU

Мексикада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ге жетті (фото)

Мексикада күші 7,1 балдық қуатты жер сілкінісі болып, салдарынан екі жүзге жуық адам қаза тапты. Ел ішіндегі ондаған ғимарат қирап қалған. Жергілікті билік төтенше жағдай режимін жариялады деп хабарлайды Life.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақпаратқа сәйкес, табиғи апат ошағы Пуэбла штатындағы Ребосо елді мекенінен 4 шақырым жерден өткен.

Мехикода - 97, Морелоста — 64, Пуэблада — 32 адам мерт болды.

Тағы оқыңыздар: Бакуде гейлер мен жезөкшелерді полиция күшпен қамап тастады

Жер сілкінісінің кіндігі 51 метр тереңдікте болды.

Еріктілер Мексика қалаларының көшесіне шығып, құтқарушылармен бірге зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр.

Тағы оқыңыздар: Астанада ойнап жүрген мектеп оқушысы тоққа түсіп, қолынан айырылды (фото)

АҚШ-тағы геологиялық зерттеу орталығы оқиғаға байланысты қызғылт сары түсті дабыл (orange alert) деңгейін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623160-meksikada-bolghan-zhoyqyn-zher-silkinis.html