RU

Атырау облысында жедел-тактикалық оқу-жаттығу жұмыстарының бірінші кезеңі өткізілді

14 қыркүйегінде Атырау облыстық терроризмге қарсы жедел штабымен (АОЖШ) «Қарабатан» мұнай өңдеу зауыты нысандарында «Каспий-Антитеррор-2017» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуының бірінші кезеңі өткізілді.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығу негізгі мақсаты Атырау облыстық терроризмге қарсы жедел штабы құрамына кіруші мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операцияларды жүргізу, терроризм салдарын төмендету мен жоюдағы дағдыларын жоғарлату.

Сонымен қатар, Солтүстік Каспий жобасының құрлықтағы нысандарында террористік қауіптің төнуі немесе террористік актінің орын алуы жағдайында «NCOC N.V.» компаниясымен бірлесе іс-қимылдар жүзеге асырылды.

Оқу-жаттығу қорытындысында Атырау облыстық терроризмге қарсы жедел штабының құрылымдары қойылған талаптарды ойдағыдай орындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623289-atyrau-oblysynda-zhedel-taktikalyq-oq.html