RU

Геннадий Головкин мексикалықтарға көңіл айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин екі жүзден астам адамның өмірін қиған Мексикадағы зілзалаға байланысты ел халқына көңіл айтты деп хабарлайды Sports.kz.

«Менің достарым және Мехиконың барлық тұрғыны үшін дұға жасаймыз», - деп жазды GGG өзінің Twitter парақшасында.

Бұған дейін Мексикада күші 7,1 балдық қуатты жер сілкінісі болып, салдарынан екі жүзге жуық адам қаза тапты деп хабарлаған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жексенбіде Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасып, тең түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623363-gennadiy-golovkin-meksikalyqtargha-k.html