RU

Қазақстандық танымал қылмыстық топтың басшысы Ресейде ұсталды

Қазақстандық сыбайласқан қылмыстық топтардың басшысы Рафаэль Бикбаев Мәскеуде ұсталды деп хабарлайды Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің сыбайласқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлімшелер қызметкерлері 2016 жылғы қазан айынан бастап қылмыстық ортадағы беделді Рафаэль Бикбаевты ұстау жөнінде белсенді түрде жұмыс істеген. Ол бұған дейін де есірткі сатумен заңсыз айналысқаны үшін бірнеше рет істі болған еді.

Бикбаев басшылық ететін қылмыстық топ Оңтүстік Қазақстан облысында бизнесмендерді бопсалап, олардың бизнестерін тартып алумен айналысқан.

Тағы оқыңыздар: Астанада ойнап жүрген мектеп оқушысы тоққа түсіп, қолынан айырылды (фото)

Биылғы жылдың наурыз айында полиция қызметкерлері 2014 жылы шикізатті өңдеумен айналысатын фабрика ашқан Оңтүстік Корея азаматының зардап шеккенін анықтаған.

Қылмыстық топ қорқыту және бопсалау арқылы фабриканы өз мүшелерінің бірінің атына аударып алыпты.

Маусым айының соңында Шымкент қаласы жедел әрекет ету тобының қызметкерлері Бикбаевтың Корея азаматы жекеменшігін иемденіп алғаны жөнінде куәлік еткен және мойындаған қылмыстық топтың 9 бірдей азаматын ұстаған.

2 тамыз күні Рафаэль Бикбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

Тағы оқыңыздар: Канадада 27 жастағы қазақстандық азамат мерт болған

Бұдан соң аталмыш қылмыстық топ басшысының зорлық-зомбылық арқылы және адамдар тобын пайдаланып бірнеше рет қорқытып алу, бұзақылық жасау сынды басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.

16 қыркүйек күні Қазақстан мен Ресейдің ІІМ бірлесе отырып ұйымдастырған жедел-іздестіру шаралары барысында Мәскеу облысы, Рамен ауданында Қырғызстан Республикасының жалған құжатымен жүрген Рафаэль Бикбаев қолға түскен.

Қазірге уақытта Бикбаевты Қазақстанға экстрадациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623409-qazaqstandyq-tanymal-qylmystyq-topt.html