RU

Назарбаев: Түрік мұғалімдер – кінәсіз, Түркияға ұстап бермейміз

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ақорда» сарайында өткізілген баспасөз мәслихатында білім-инновация лицейлерінде (БИЛ, бұрынғы қазақ-түрік лицейлері) қызмет ететін түрік мұғалімдерінің кінәсіз екенін мәлімдеп, Түркияға ұстап берілмейтіндігін айтты.

Бұл туралы kazaknews.kz хабарлады.

“Мектептерге Түркияның да, Гүленнің де қатынасы жоқ”

Елбасы қалыптасқан мәселеден шығу үшін қазақ-түрік лицейлерінің барлығын Білім және ғылым министрлігіне берілгенін, арнайы қор құрып, мектептерді сонда топтастырғанын еске салып, «Сондықтан Түркияның да, Гүленнің де ешқандай қатынасы жоқ», – деп кесіп айтты.

Ердоғанның жақында келгенде де түрік мұғалімдердің жағдайы туралы сөз қозғағанын алға тартқан Нұрсұлтан Әбішұлы мұғалімдердің бір бөлігінің шет мемлекеттерге кеткендігін айтты.

"Мында қалғандардың ешқандай қылмысы жоқ. Егер де қылмысы бар екенін дәлелдесеңдер, онда бірге отырып құқық қорғау органдары қарасын. Қылмысы жоқ адамдарды отырғызып немесе сендерге байлап бере алмаймыз деп келістік. Бұл мәселені жаптық деп санаймын”, – деп тақырып төңірегіндегі мән-жайды баяндап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623473-nazarbaev-turik-mughalimder-kinasiz.html