RU

Келімбетов ЭКСПО аумағының қандай орталыққа айналатынын айтты

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағы заманауи үлгіде технологияларды қолданатын орталыққа айналатынын айтты деп хабарлайды Baq.kz .

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы басқарушысы Қайрат Келімбетов қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің алдында қаржы орталығының жоспарларымен бөлісті.

Тағы оқыңыздар: Астанада ойнап жүрген мектеп оқушысы тоққа түсіп, қолынан айырылды (фото)

««ЭКСПО» көрмесінің аумағы – «крипто алқапқа» немесе «крипто айлаққа» айналады. Әлемде крипто валютасына үлкен қызығушылық бар. Кейбір орталық банктер оған қолдау білдіруде, кейбірі процесті бақылау үстінде. Мысалы, АҚШ пен Сингапур крипто экономиканы қаржы нарығында кеңінен қолдану бастамасын көтерген. Швейцарияда бұл салаға үлкен қолдау білдіруде. Жапония кейбір крипто валюталарды төлем құралы ретінде қолдайды», - деді ол.

Сонымен қатар басшы «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағында ұлттық экономиканың жаңа ДНҚ-сы қалыптасатынын айтты.

«ЭКСПО» аумағында қаржылық, технологиялық кластер болмақ. Бұл Қазақстан экономикасының жаңа ДНҚ-сын құрады. Бұл – «Жаңғырту 3.0» бағдарламасының негізгі платформасы болады», - деді Қайрат Келімбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1623489-kelimbetov-ekspo-aumaghynynh-qanday.html